kk
  1. Басты
  2. Новости и информация
  3. Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32160 болып тіркелді
 Мобильді бригаданың жұмысын үйлестіруді МСАК ұйымының жедел жәрдем бөлімшесінің/кабинетінің басшысы (дәрігері) жүзеге асырады, ол мобильді бригаданың құрамын айқындайды және мынадай себептерге сәйкес олардың шығуын ұйымдастырады:
      1) үйде медициналық көмекті және консультацияны талап ететін өз бетінше қозғалу қабілеті шектелген кезде үйге шақыртуларға қызмет көрсету;
      2) шақырту сәтінде 5 жасқа дейінгі балалардың дене қызуының 38°С жоғары болған кезде үйге активтің баруы;
      3) олардың жай-күйі өз бетінше жүгінуге мүмкіндік бермейтін тәулік бойғы стационардан шығарылғаннан кейін диспансерлік есепте тұрған пациенттерге қызмет көрсету;
      4) айналасындағыларға қауіп төндіретін жай-күйлер (инфекциялық науқастармен байланыстың болуы, денеде бөртпе пайда болуы, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін инфекциялық аурулар).
 Үйге шақыруларға қызмет көрсету жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.