kk
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Дзержинский көшесі, 1В.
Негізгі қызметінің сипаттамасы – алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау кеңесінің мүшелігіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғары білімінің болуы және төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1. денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2. денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3. денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігінің болуы.
2. Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде мына тұлғалар сайланбайды:
1. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2. заңды тұлға банкрот деп танылғанға дейін бір жылдан астам уақыт бұрын сол заңды тұлғаның басшысы болған тұлға;
3. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлға;
4. басқа бақылау кеңесінің мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынастағы тұлға.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3. өмірбаян (еркін нысанда);
4. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7. соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурсқа арналған өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып, оны мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін бұл конверт сыртқы конвертке салынып, қайта мөрленеді.
Конкурстың өткізілу орны: Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1А.
Конкурстың басталу күні – 2026 жылғы 1 сәуір.
Конкурстың аяқталу күні – 2026 жылғы 30 сәуір.