Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Трансплантация

2024 жылы Қазақстанда 260 ағза трансплантациясы жүргізілді, оның 237-сі тірі донордан, ал 23-і қайтыс болғаннан кейінгі донордан.

Бұл көптеген пациенттердің өмір сүруіне мүмкіндік беретін еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістік.

🔬 2012 жылдан бастап статистика:

Трансплантация бағдарламасы басталғаннан бері 2012 жылдан бастап Қазақстанда донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2810 операция жүргізілді. Олардың ішінде:

* 2363 операция (84%) — тірі кезіндегі донордан

* 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан

🫀 Қандай ағзалар ауыстырып салынды?

* Бүйрек — 2084 ауыстырып салу

* Бауыр — 545 ауыстырып салу

* Сердце — 98 ауыстырып салу

* Өкпе — 22 ауыстырып салу

* Ұйқы безі — 2 ауыстырып салу

* Мөлдір қабық — 59 ауыстырып салу


📈 Трансплантацияны күту:

Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантацияны күту парағында 4117 адам (96 бала) бар, оның 3748-і бүйрек трансплантациясына мұқтаж, 197 адам донорлық бауырды, 145 адам жүректі, 21 адам өкпені және 6 адам өкпе-жүрек кешенін күтуде.

Ағзаларды трансплантаттау - тек медициналық процедура емес, бұл көптеген адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік. Ағзаны трансплантаттаудың әрбір жағдайы жоғары деңгейлі медициналық жұмыс қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен өзара көмектің әрекеті болып табылады.

👩‍⚕️👨‍⚕️ Дәрігерлердің күш-жігері мен донорлардың дайындығының арқасында біз өмірді сақтап, болашаққа үміт береміз.

📢 Егер Сіз донор болып, мұқтаж адамдарға көмектескіңіз келсе — Сіздің көмегіңіз біреудің өміріндегі шешуші қадам болуы мүмкін. Толық ақпарат пен кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық мекемелерге жүгінуге болады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу