Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Балалардың жарақаттануы және оның алдын алу


Жарақаттану - белгілі бір жағдайларда алынған жарақаттар жиынтығы. "Жарақат" - қоршаған орта факторларының әсерінен туындаған адам ағзасындағы зақым болып табылады.

Балалардың жарақаттануы - балалардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, ата-аналар үшін қиындық туғызатын маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі. 

Көбінесе жарақат бастауыш мектеп жасындағы балаларда болады (7-11 жас). Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда жиі кездеседі (73,3%), жарақаттар үш жастан асқан балалардың өлімінің басты себебі болып табылады.  Балалар инфекцияларымен салыстырғанда жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан әлдеқайда көп бала қайтыс болады. Зақымданудың пайда болуы балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, олардың физикалық және психикалық дамуы және қауіп-қатерге деген сезімталдықтың төмен болуы салдарынан болады. 

Зақымдану сипаты бойынша түрлері: 

  • Суға бату және асфиксияның басқа түрлері;

  • Жол-көлік оқиғалары;

  • Температуралық факторлардың әсерінен жарақат (күйік, үсу);

  • Улану (дәрі қобдишасынан алынған дәрілер);

  • Электр тогы салдарынан зақымдану;

  • Атыс жарақаттары;

  • Жарақаттардың басқа түрлері (жануарлардың шағуы, бөгде заттар, қатыгездік)

Жарақат алу себептері:

  • Ересектердің абайсыздығы - ересек адамдардың қаперсіздігінен, қауіптің алдын алу шараларын ойламауынан болады. Мәселен ересектердің қатысуымен  98,7% автокөлік жарақаттары болды. 78,9% жағдайда балалар үйде жарақат алды.

  • Ересектердің немқұрайлылығы - балабақшалардағы тәрбие ісімен айналасушы мамандар, мектеп устаздары мен ата-аналардың өз міндеттерін орындамауы немесе жеткілікті түрде атқармауынан орын алады.

  • Балалардың тәртіпсіздігі (25% - дан астам жағдай).

  • Жазатайым оқиғалар, ешкім кінәлі болмайтын күтпеген оқиғалар (2%).

  • Кісі қолынан өлу (4,5%) 

  • Суицид (өз-өзіне қол салу 5%) - көбінесе 10-15 жастағы жасөспірімдер арасында кездеседі.

  • Басқа себептер (10% жағдай)

Балалардың тұрмыстық жарақаттануы зақымданулар арасында бірінші орын алады және барлық жарақаттардың 70-75%  құрайды. Тұрмыстық жарақаттар мектеп жасында азаяды. Көшедегі көлік жарақаттары балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтамауына байланысты болады. Көшедегі көлік жарақаты зақымдалудың ең ауыр түрі.

Мектептегі жарақат: мектеп оқушылары арасында зақымданудың 80% - ын кұрап, көбінесе үзіліс кезінде болады. Бұл негізінен тәртіп ережелерінің бұзылуына байланысты. Дене шынықтыру кезіндегі жазатайым оқиғалар көбінесе спорттық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесінде болады.

Балалар жарақатының алдын алу

Балалардың жарақаттануы және оның алдын-алу өте маңызды. Әсіресе мектеп демалысы кезінде, балалар бос уақыттарын көшеде көп өткізіп, ересектердің қарауынсыз қалады. Ересектер ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларды олардан қорғауға міндетті!!! Жарақаттанудың алдын алу бойынша ата-аналардың жұмысы 2 бағытта жүруі тиіс:

  1. Балаларға жарақаттанудың алдын алу негіздерін үнемі үйрету.

Балаға үрей туғызбастан, керісінше, дұрыс әрекет етуді, қауіптен қалай аулақ болуды үйрету керек.

Алдын алу әдістері баланың жасына байланысты. Кішкентай баланы көзден таса қалдырмай, қауіпті заттардан қорғау керек. Бала неғұрлым үлкен болса, оған қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды.

Жарақат тудыратын жағдайлардаң алдын-алу: үй жағдайында ыстық заттардан балаларды аулақ ұстау (қайнаған су; пеш), электрлі приборлардан , тоқ жүйесінен қорғану, этаж үйлерде терезені қоршауға алу, балаға жолда жаяу жүру ережесін үйрету, тұрмыстық өткір, кескіш заттар және ұсақ мұрынға, көзге кіретін заттар, дәрі-дәрмектерге, тұрмыстық химикаттарға мұқият болу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жанғыш заттардан баланы аулақ устау, әр түрлі спорт үйірмелерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қыс мерзімінде таймайтын табаны бар аяқ киім кигізу, мектеп уақытында сатыдан бір-біріні итермеуге жәнке жүгіріп түспеуге үйрету, ойын парктарында биіктен сырғанау және әр түрлі ойыншықтарда ойнауда абайлап ойнауды үйрету.                                                                                                                       Ересектер әрқашан балалардың денсаулығы мен өмірі олардың қолында екенін есте ұстауы керек! Біз оларға шынымен дәрігерге баруға қажеттілік туындатпайтындай жарақатсыз ,бақытты балалық шақ сыйлауымыз керек!!!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу