Шортанды АА көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Құрметті Шортандылықтар!
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына сәйкес «Шортанды АА» ШЖҚ МКК төмендегідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу
Дәрігердің қабылдауына жазылу.
Дәрігерді үйге шақыру
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
Психикалық-неврологиялық диспансерден анықтама беру
Наркологиялық диспансерден анықтама беру
Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама беру
Алдын ала медициналық қарап тексеруден өту
Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру
Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыға мына жағдайларда көрсетіледі:
Тікелей емхана тіркеу бөліміне, дәрігерлік амбулаторияға келгенде,
Телефон байланысы арқылы
Электрондық үлгіде жеке портал арқылы.
Электрондық үлгідегі мемлекеттік қызмет порталға байланысқан күннен бастап қарастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныс өкілетті ұйымының жұмыс уақыты аяқталуға екі сағат бұрын қабылданады ( жұмыс күндері 18.00 ге дейін, сенбі куні 12.00 ге дейін).
Тұтынушының өкілетті ұйымға тікелей келген кезде мемлекеттік қызмет алуға сұранысы мына жағдайларда қабылданбайды :
Жеке басын куәландыратын құжаты болмаса (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлігі)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты дәрігер Жақсыбеков Е.Ж.