Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Гендерлік зорлық – зомбылық

Гендерлік зорлық – зомбылық, «физикалық, жыныстық немесе психологиялық зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез келген жыныстық сипаттағы зорлық – зомбылық әрекеті немесе азап шегу, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасау қаупі, қоғамдық немесе жеке өмірде болсын, мәжбүрлеу немесе бас бостандығынан айыру» ретінде анықталады.

Гендерлік зорлық – зомбылық актілеріне мыналар жатады:

- Зорлау, оның ішінде күйеуі / серіктесі немесе тағы басқа адамдар

- Зорлауға әрекет

- Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы басқа қылмыстар

- Зорлықпен үйлену, мәжбүрлі неке

-  Некеге тұру үшін  әйелді ұрлау 

- Кәмилетке толмаған жастағы неке

-  Жыныстық қанау

-  Жыныстық қудалау

-  Порнографияға мәжбүрлеу т.б.

Гендерлік зорлық – зомбылыққа тап болған адам әйел болуы да

 ер адам болуы да мүмкін, ал гендерлік зорлық – зомбылықтың психологиялық салдары кейде әйелдерге қарағанда ерлерде әлдеқайда ауыр. 

Гендерлік зорлық – зомбылықтардан адамның психологиясы зардап шекеннен  кумулятивтік,  травматикалық стресс, депрессия, агрессия, суицид және тағы басқа жағдайларға әкеліп соғуы мумкін.

Гендерлік зорлық – зомбылықтың алдын алу үшін, туындаған немесе туындайындеп тұрған жағдай жөнінде тез арады белгілі органдарға хабар беріп, өзіңіздің немесе танысыңыз, досыңыз, туысыңыздың жағдайын құтқарып алуға күш салып әрекет жасаңыз.


Психолог Исина А.Е.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу