Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 2 11 76
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖИТС және АИТВ


ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы. Синдром – белгілі бір аурулардың жиынтығы. ЖИТС АИТВ – инфекциясын жұқтырған адамдарда дамиды және осы аурудың соңғы кезеңі болып табылады. 

АИТВ – адамның иммун тапшылығыф вирусы. Ол адам денесінің әр жерін, ең бастысы – иммундық жүйесін жаулап алады. АИТВ жұқтырған адамдарды «АИТВ – жұқтырғандар» дейді. АИТВ жұқтырған және ЖИТСпен ауырған бірдей емес. АИТВ жұқтырған сәттен ЖИТС даму ұзақтығы 7 жылдан 15 жылға, одан да көп жылға баруы мүмкін. АИТВ ЖИТС кезеңіне көшкенге дейін адам өзін жақсы сезініп, сау болып көрінуі мүмкін. Нәтижесінде ағзаның бірінші кезекте жұқпалы аурулар мен онкопроцесске қарсы тұру қабілеті біртіндеп төмендейді. Ауру бірнеше сатыда жүреді. Иммун тапшылығының  негізгі қауп і– бұл ЖИТС. Бұл аурудың соңғы кезеңі. Терминалды фазада қосалқы ауыр аурулар қайтымсыз сипатқа енеді, осы кезеңдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 9 айға дейін ғана.  АИТВ - ның симптомсыз кезеңі науқас үшін де, басқалар үшін де өте қауіпті. Себебі, вирус жұқтырған адам уақытында қажетті емді қабылдамайды, бұл болашақ терапияның тиімділігін төмендетеді. Сондай – ақ білмегендіктен, инфекция басқа адамға қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін. Дәл осылайша ауру бірнеше онжылдықтар бойы планетаны шарпып өткен пандемияға айналды. Өлім нәтижесі көбінесе организмнің күресуге қабілетсіздігі болатын екінші дәрежелі оппортунистік ауруларға байланысты. АИТВ - инфекциясын емдеу мүмкіндігі жоқ, бірақ антиретровирустық терапиямен уақтылы және сапалы емделгенде науқастың өмірі 70 - 80 жасқа дейін ұзарады. Бүгінгі күні COVID – 19 пандемиясына байланысты АИТВ – инфекциясы екінші орынға түсті, бірақ ол сонымен бірге бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың басты проблемаларының бірі болып қала береді.


АИТВ инфекциясы қалай туындайды?

Вирус тек қан, шәуһат, қынап секрециясы және емшек сүті арқылы жұғады.  Демек, АИТВ – инфекциясы жұғу жолдары: қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы, ағзаға жарақат арқылы, қан құйғанда, адам органдарын ауыстырғанда, стерильді емес шприцтер және инелер пайдаланған кезде, зарарсыздандырылмаған құралдарды (шприцтер, татуировка т.б.) қолданған кезде, жүктілік кезінде, босанғанда немесе  емізгенде анадан балаға жұғуы мүмкін. Амандасқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде, ортақ ыдыспен, бассейнмен, дәретханамен, төсек орын пайдаланғанда АИТВ жұқпайды. Вирус 60 градус температурада өледі.


АИТВ – ны қалай анықтауға болады?

Талдау науқастың қанында АИТВ – ға антиденелердің бар – жоғын анықтайды. Оң нәтиже -  адамда АИТВ антидене барын көрсетеді. Ол адамның АИТВ жұқтырғандығын білдіреді.  Теріс нәтиже – АИТВ антидене жоқтығын көрсетеді. Тест теріс нәтиже беретін кездер: егер адам АИТВ жұқтырмаған болса; егер адам АИТВ жұқтырған, бірақ ағза вирусқа антидене әлі шығармаған болса (яғни «терезе кезеңі»). Вирус жұқтырғаннан кейін антиденелерді дамыту үшін белгілі бір уақыт қажет (2 аптадан 3-6 айға дейін). «Терезе кезеңінде»  ауру жұқтырған адам ауру көзі бола алады. АИТВ инфекциясын жұқтыру - аурудың асқынып, ЖИТС дамуына әкелмеу үшін  арнайы ем қабылдаудың тура көрсеткіші болып табылады. Уақтылы емделіп, дәрігердің барлық ұсыныстарын сақтаса, мұндай адамдардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 39 жасқа дейін артады. Яғни, адам қартайғанша өмір сүре алады. Қоғамда АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтарын шектеуге жол берілмейді. Осы науқастар медициналық көмек, білім алу құқықтарын толық қолдана отырып, сонымен қатар басқа адамдарға инфекцияны жұқтырмауға міндетті!

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! 


СӨСҚ дәрігері                                               М.Д. Кизаева 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу