Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа немесе оқуға қабылдау кезінде медициналық тексеру неліктен ақылы екенін түсіндірді


Салық аударымдарына және ӘМСҚ жарналарына қарамастан, қазақстандықтар жұмысқа орналасу кезінде міндетті медициналық тексеруден өтуін өз қалтасынан төлеуі тиіс. Бұл мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берілді.

Алдын ала міндетті медициналық тексерулер кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа орналасу кезінде жүргізіледі ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"кодекстің 86-бабы).

Ведомствоның мәліметінше, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту рәсімі ҚР ДСМ 15.10.2020 ж.ҚР ДСМ-131/2020 (075/у нысаны бойынша) бұйрығына сәйкес оқуға және жұмысқа түсу кезінде жүзеге асырылады – бұл ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

Ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмекті (ақылы медициналық қызметтерді) Денсаулық сақтау субъектілері стандарттарға сәйкес шарттық негізде көрсетеді ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"кодекстің 202-бабының 1-тармағы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің (176-жол), сондай-ақ Қағидаларға "алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерді ақылы негізде жүргізеді.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтуді ӘМСҚ қаражаты есебінен жүргізбейді", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігі.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу