Аудандық аурухана мен дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары
"Шортанды аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі 08.07.2022 ж. COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты аудандық аурухананың медицина қызметкерлері мен дәрігерлік амбулаториялардың, ФАП және МП медицина қызметкерлеріне ZOOM режимінде оқыту семинарын өткізді. Госпитальдық эпидемиолог А.Ж. Шажалиева қатысушыларға эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы, егілмеген әйелде КВИ зертханалық - расталған жағдайы бар екенін хабарлады.
Иммундау бойынша жауапты дәрігер Дамыс А. тыңдаушыларға вакциналардың түрлері, сақтау мерзімі туралы нұсқау берді.
Аудан ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Иманбаева Р.Б. ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жергілікті тұрғындарға міндетті түрде вакцинация өту қажеттілігін айтты.
Семинар соңында обаға қарсы костюмді кию және шешу бойынша практикалық сабақ өткізілді.