Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларын өткізу шеңберінде Шортанды аудандық ауруханасында 07.07.2022 жылы дөңгелек үстел өткізілді. Аурухананың науқасты қолдау қызметінің басшысы Кизаева М.Д. дөңгелек үстелге қатысушыларға, аурухана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықтан алдын алу шаралары туралы түсінікті түрде жеткізді.
Бүкіл республика бойынша денсаулық сақтау жүйесінде лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді өздері үшін мүліктік игіліктер алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалану фактілері орын алып отырғанын атап өтті. Қызмет саласы уақытша еңбекке жарамсыздықтың жалған парақтарын, анықтамаларды беру, ал соңғы уақытта халықты коронавирустық инфекциядан иммундау кезіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттері болуы мүмкін.
Сондай-ақ, ол аурухана қызметкерлері медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясын қатаң сақтауға, сыйақыларды заңсыз алу мүмкіндігіне бой алдырмауға тиіс екенін айтты. Аурухананың бас дәрігерінің м.а. Иманбаева Р.Б. әрбір жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық, әкімшілік заңнама бойынша жаза көзделгенін, бұл медициналық ұйымның өзінің де, медицина қызметкерлері ұжымының да беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.