Конкурс
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ШЖҚ "Шортанды аудандық ауруханасы" МКК бақылау кеңесі Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ШЖҚ "Шортанды аудандық ауруханасы" МКК бас дәрігері бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізу орны мен уақыты: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Шортанды аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішіде күшіне енеді.
Кәсіпорынның атауы: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Шортанды аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК.
Қызмет түрі: балалар мен ересектерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық медициналық көмек көрсету.
. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білім( бейін бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру ), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша, бірінші/жоғары біліктілік санатының "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша, магистратураның болуы және (немесе) "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" даярлау, бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім. МВА executive немесе full time санаты бойынша және басшылық лауазымында еңбек өтілімі 5 жылдан кем емес болуы қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20768 -н тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі."Денсаулық сақтау саласындағы Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы". Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1.конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3.білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4.еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
5."Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді).
6.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізген кезде біліктілігін тексереді:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының заңдары, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы, Денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, Халық денсаулығы жағдайының статистикасы, өлшемдер және халықтың денсаулық жағдайын, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын сипаттайтын көрсеткіштер, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтауды басқару жүйесінің теориялық негіздері, санитариялық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, адамның тіршілік ету ортасының факторлары, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, Денсаулық сақтау жүйесінің негіздері еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік техника қағидалары мен нормалары.
Сондай-ақ мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтары негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі-2022 жылғы 03 тамыз сағат 15 00-ге дейін Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарын электрондық түрде ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Құжаттар мына мекенжайлар бойынша қабылданады: Shrt-crb@ электрондық мекенжайы бойынша, құжаттардың көшірмелері yandex.kz. Түпнұсқалар мына мекен-жай бойынша: Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті Дзержинский көшесі 1В