Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Балалар арасындағы қайғылы оқиғаларды алдын-алу шаралары. Асфиксияның алдын алу

1. Әр тамақтандырудан кейін нәрестеге тағаммен жұтылған ауаны шығаруға мүмкіндік беріледі. Мұны істеу үшін, оны біраз уақыт тігінен ұстап тұру керек (20-30 минут бала кекіргенге дейін)және ешқандай жағдайда тамақтандырғаннан кейін бірден жатқыза салмаңыз. Кейбір балалар (әсіресе ерте туған немесе әлсіреген) төсекте құса салулары  мүмкін. Бұндай жағдайға  жол бермеу үшін баланың басын әрқашан қырына қарай бұраңыз. Егер регургитация жиі (жиі құсу ) және көп болса, онда бұл медициналық көмекке жүгінудің негізі болып табылады.

2. Балалардың төсек-орындарымен киімдерін таңдағанда, әртүрлі бау-байламдардың болмауына мән беріңіз, және т.б. Балалар көрпелерінің орнына сіз ұйықтауға арналған арнайы конвертті пайдалана аласыз, тым үлкен «ересек» көрпелерді пайдаланбаңыз. Балаларға арналған арнайы тор төсемдерін қолдануға болады.

3. Ұзақ уақытқа жаңадан туылған балалардың жанында ересектеу балаларды қалдырмауға тырысыңыз, оларға сенім артпаңыз  , сол сияқты бір төсекке ұйықтауға мәжбүр етпеңіз. Асфиксия болуы мүмкін,  егерде ата-аналарымен бірге бір төсекде ұйықтаса да, ол да қауіпсіз емес. Абай болғандарыңыз дұрыс.

4. Бір төсекте ұйқтау бұл нәрестені тұншықтыру факторіне әкеп соғуы мүмкін. Көптеген жас аналар төсекке сәбилерді бірге алып жатады, нәресте ата-ананың жатын бөлмесінде ұйықтау керек, бірақ ата-анасының төсегіне емес. Өзіңізге жақын тұрған төсек орнына немесе нәрестеге арналған төсекке салыңыз, бүйірлік торды төмендетіңіз. Бір жағынан, бұл нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, екінші жағынан - сіз балаңызға жақын боласыз және сіз бірнеше рет түнде ұйқыдан тұра бермейсіз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу