Жарыс - АББ ең үздік пациенті
Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) кеңінен насихаттау аясында 2019 жылғы 7 қарашада 10 науқас қатысқан «АББ ең үздік пациенті» байқауы өткізілді. Таңдау критерийлері - пациенттің АББ бақылау ұзақтығы, оның ұсынымдарға адалдығы, мақсатты индикаторларға қол жеткізуі, асқынулар, госпитализация, жедел жәрдем шақыруы. Шортанды ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Касенова С.Х. жиналғандарды құттықтап, барлығына зор денсаулық және жарыста сәттілік тіледі.
Әзірленген сценарий бойынша сайыстың кезеңдері: «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Үй жұмысы» викториналары болды. Барлық қатысушылар конкурсқа шығармашылық тұрғыдан қарады: қатысушылардың презентациясы өлең түрінде, үй тапсырмасында қан қысымының жоғарылауы кезіндегі көмек , дұрыс тамақтану және өзін-өзі бақылау күнделігі туралы көрініс түріндегі үй тапсырмасы - мұның бәрі АББ қатысушыларына ғана емес, сонымен қатар сайыс көрермендеріне де пайдасы тиді. Қатысушылардың бірі ерекше дене жаттығуын орындады, ол қызықты төрт шумақтармен залдағылардың барлығын « тік тұрғызды». Сайысқа қатысушылар викториналық сұрақтарға жан-жақты жауап берді, бұл ауданның медицина қызметкерлері жүргізген санитарлық-ағарту жұмыстарының оң нәтижесін көрсетеді. Музыкалық үзілісте «ААБ бізді жақындатты» атты тақырыптық әнін провизор Л. Горская орындады.Сайыс соңында қазылар алқасы қорытынды шығарды. 1 орын В.Н. Пономаренкоға берілді, дипломмен және таразымен марапатталды. 2 орынды Калашинова Р.А.иеленіп диплом және тонометрмен марапатталды. 3 орын - Крижановская В.В. - диплом және бадминтон жиынтығына ие болды.Сайыстың барлық қатысушылары да жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды.
Байқау жеңімпазы облыс деңгейінде біздің ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Біз оған сәттілік тілейміз!