Жүгінушілердің назарына!
Қазіргі уақытта Beeline, Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларының абоненттері 1406 бірыңғай байланыс орталығының нөміріне хабарласа алмауда. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біздің мамандар орын алған келеңсіздікті жою үшін қажетті жұмыстарды атқаруда.
Егер сұрақтарыңыз болса немесе Қорға хабарласқыңыз келсе, балама кері байланыс арналарын пайдаланыңыз.
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- www.fms.kz сайты;
- SaqtandytýBot телеграмм-боты (https://t.me/SaqtandyryBot).
Құрметпен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ