Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Туберкулез туралы не білу керек


Туберкулез - жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде бактерия бөлетін науқас адамнан ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Туберкулезбен ауыратын науқастардың барлығы бактериялар бөлмейді. Бактерияларды бөлмейтін пациенттер басқа адамдарға инфекцияны тарата алмайды. 

Туберкулез барлық мүшелерді, бірақ көбіне өкпені зақымдауы мүмкін. Туберкулез кезінде жөтел, тез шаршау, жалпы әлсіздіктің пайда болуы, тәбеттің төмендеуі, салмақтың жоғалуы, тершеңдік, дене қызуының ұзақ көтерілуі, көкірек қуысының ауруы сияқты белгілер пайда болады. Бұл белгілер анықталған жағдайда, емханаға дәрігерге жүгіну керек. Туберкулезге күдіктенген жағдайда, пациенттен қақырықты зерттеуге алады және көкірек қуысы рентгенін жасайды. Туберкулезді екі сағат ішінде анықтауға және  емді бірден бастауға болады.Уақтылы анықтау және дәріні үздіксіз қабылдау кезінде туберкулез толығымен емделеді. 

Туберкулез кезінде аурудың алдын алу және уақтылы анықтау ерекше мағызды. Балаларда туберкулездің алдын алу үшін БЦЖ вакцинасы пайдаланылады, ол балаларға өмірінің екінші күні және 6 жаста қойылады.Балаларда туберкулезді ерте анықтау үшін Манту сынамасы мен Диаскин-тест қолданылады. Жасөспірімдер мен ересектер өкпе флюорографиясынан өтуі тиіс. 

Өзін туберкулез ауруынан қорғау үшін дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, таза ауада көп уақыт өткізу, темекі шекпеу, үй-жайларды жиі желдету қажет. 

Кез-келген басқа жұқпалы ауру сияқты туберкулезбен әр адам ауыруы мүмкін. Туберкулездің пайда болуы ұлтқа, мамандыққа немесе адамның қаржылық жағдайына байланысты емес. Біздің елімізде туберкулезді тез анықтау және толық емдеу үшін барлық тәсілдер бар. Туберкулез ауруын бастан өткерген адамдар оқуды және жұмыс істеуді жалғастыра алады.  

Өз денсаулығыңызды сақтаңыз-уақытында медициналық көмекке жүгініңіз!


Фтизиатр дәрігер: Есдәулетов А Ж.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу